{metadescription}
"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықов сотталды
"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықов сотталды

"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықов сотталды

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының бұрынғы вице-президенті сотталды.

Серік Жұбандықов "Көшпенділер" фильмін түсіру үшін Іленің жағасында салынған "Түркістан қаласы" бутафориялық бекінісін нарықтық құнынан 44 есе арзан бағаға сатып жібергені дәлелденді. Сот үкіміне сәйкес, күдікті 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Қазір жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

Еске сала кетсек, антикор "Қазақфильмнің" бұрынғы басшылығына қатысты былықты былтыр күзде әшкерелеген. Алматы облысында тұрғызылған қымбат декорацияның қазір жазасын өтеп жатқан экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысы бар фирмаға 44 есе арзанға сатылып кеткені анықталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде