{metadescription}
Елімізде су тасқынымен күрес әлі жалғасып жатыр
Елімізде су тасқынымен күрес әлі жалғасып жатыр

Елімізде су тасқынымен күрес әлі жалғасып жатыр

Елімізде су тасқынымен күрес әлі жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 30 миллиолнға жуық текше метр қарғын су сорғызылған. Әзірге Ақтөбе облысындағы Мамыр, Белшер мен Нұра ауылында 85 баспана су астында тұр.

Тағы қырықтан аса үйдің ауласы суға көлкіп тұр. Қазір төтеншеліктер судың бағытын бұрып, бөгеттерді нығайтып жатыр. Су сорғызу жұмыстары Атырау, Солтүстік пен Батыс Қазақстан облыстарында да аяқталмады. Атырау облысына өзге өңірлерден көмекке келген құтқарушылар да жағдай тұрақталғанша сонда болмақ. Қазір мұнда су тартылған ауылдардағы баспаналарда мамандар дезинфекция жүргізіп жатыр.

Соңғы деректерге сәйкес, елімізде 65 мыңға жуық адам үйіне оралды. Дегенмен уақытша орналастыру пункттерінде әлі 4 жарым мыңнан аса адам бар. Жалпы апат басталғалы 8 миллионнан аса құм толы қапшықпен бөгеттер бекітіліп, 1 жарым миллион тонна инертті материал төселген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде