{metadescription}
Алматыда сырлау-бояу бұйымдары сақталған қойма өртенді
Алматыда сырлау-бояу бұйымдары сақталған қойма өртенді

Алматыда сырлау-бояу бұйымдары сақталған қойма өртенді

Тоқпен істейтің араның ұшқыны алапат өртке себеп болуы мүмкін. Алматыда сырлау-бояу бұйымдары сақталған қойма отқа оранды. Өйткені дәл сол нысанда құрылыс жұмысы қызу жүрген дейді куәгерлер.

Қайрат Сәрсенбаев:

Өрт орын алған жердің түбінде кран болған. Су ішуге барғанмын. Бірден басталып кетті. «Өрт, өрт» деді. Қарасақ, лаулап жанып жатыр. Үстінде бір жігіт жүгіріп жүр екен. Арт жақтағы аумақта қойманың үстіне секіріп үлгерді. Әжептеуір биіктен секірді. Біреулер болгаркіден болды дейді.

Қойма түскі сағат үшке таман өртене бастаған. Ішінде тез тұтанатын заттар болған соң, қас-қағым сәтте қара түтін будақтап, қаланың төбесінен көрінді. Азғантай уақытта өрт 230 шаршы метрді шарпып үлгерген. Төтеншеліктерден 50 адам жұмылып, жалынмен жарты сағаттай алысыпты. Қазір өрт шалған аумақ қап-қара болып жатыр. Маңында тұрған құрылғылар жарамыз күйде. Өрттің нақты неден тұтанғанын мамандар анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.