{metadescription}
Мопед пен электрсамокат тізгіндегендерге қатысты жол апаты азаймай тұр
Мопед пен электрсамокат тізгіндегендерге қатысты жол апаты азаймай тұр

Мопед пен электрсамокат тізгіндегендерге қатысты жол апаты азаймай тұр

Алматыда небәрі бес айда мопедке қатысты 321 жол апаты тіркеліп, үш адам мерт болған. Ал самокатпен 38 оқыс жағдай тіркеліп, 40-тан астам адам зардап шеккен.

Көліктің аталмыш түріне қатысты жаңа заң биыл көктемде күшіне енсе де, жолдағы жағдайға әсер ете қоймаған. Өйткені ереже елейтіндер аз. Жыл басынан бері елімізде 22 мыңнан астам мопед жүргізушісі жауапқа тартылыпты. Көбі Алматыда. Басым бөлігі оқиға орнынан қашып кету жағдайымен ұсталған.

Олардан электрсамокат тізгіндегендер де қалысар емес. Соңғы бес айда 10 мыңнан аса заңбұзушылық тіркелген. Ал ішкі істер министрлігі қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін рейдтер мен түсіндіру жұмысын жалғастыра бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде