{metadescription}
Қарағандыдағы жедел жәрдем көліктеріне бейнекамералар орнатылды
Қарағандыдағы жедел жәрдем көліктеріне бейнекамералар орнатылды

Қарағандыдағы жедел жәрдем көліктеріне бейнекамералар орнатылды

Қарағандыдағы жедел жәрдем көліктеріне бейнекамералар орнатылды. Қаңтар айындағы оқиғадан кейін қауіпсіздік шараларын осылай күшейтуді ұйғарған.

Қарағандыдағы жедел жәрдемнің 80 көлігі бейнебақылау жүйесімен қамтылды. Камералар көліктің арты, сырты және ішін, тіпті жүргізушіні де түсіріп отырады. Егер жолдан шығып кетсе немесе ұйықтап қалса, дауыс зорайтқыш арқылы ескерту береді.

Жалпы былтыр шұғыл көмек көрсету бригадаларына 50-ге жуық шабуыл жасалған. Соның бірі қаңтар айында болған оқиға. 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев шұғыл шақыртуға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісімен шекісіп, аяусыз соққының астына алған. Оны фельдшер ұялы телефонына түсіріп үлгереді. Шаубыл жасап ізін суытқан ер адамды полиция бір аптадан кейін қолға түсіріп, қазір іс сотта қаралып жатыр.

Евгений Құсайынов, жүргізуші:

Кейде қуыс аулалар мен подъездердің алдында тұрғанда көптеген жүргізуші «ары қарай жүр», «жол бер» деп, бізді қысып кетіп жатады. Ал біз үйдің кіреберіс алдына дейін баруымыз керек. Көлік жүргізушілері мұны түсінбейді. Бұл камералар осындай сәттерде бізге көмектеседі деп ойламын. Қолымызда дәлел болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде