{metadescription}
Қорғалжында рұқсат құжатсыз бір тонна балық тиеген көлік жүргізушісі ұсталды
Қорғалжында рұқсат құжатсыз бір тонна балық тиеген көлік жүргізушісі ұсталды

Қорғалжында рұқсат құжатсыз бір тонна балық тиеген көлік жүргізушісі ұсталды

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Газель автокөлігіне бір тонна балық артқан 34 жастағы жүргізуші ұсталды. Мемлекеттік қорық жақтан келе жатқан көліктегі тауарға бірде-бір рұқсат құжаты болмаған.

Полицейлер тоқтатқан Газельді тексерген кезде 43 қапқа буып түйіп балық артып алғаны анықталды. Қаптарды ашқанда жаңа ауланған су жәндігінің түр-түрі шықты: мөңке, ақжелкен, сазан. Бірақ 34 жастағы жүргізушінің тауарға ешқандай рұқсат құжаты болмай шықты. Астанаға жол тартып бара жатқан ол балықты Қорғалжын мемлекеттік қорығынан аулауы мүмкін. Қазір полиция оның сыбайластарын іздестіріп жатыр.

Гүлнәр Пинчук ,Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

 Жедел алдын алу шаралары кезінде полиция 1 мың келіден аса түрлі балық артқан Газель автокөлігін Қорғалжын - Астана тас жолында тоқтатқан. Құжатсыз ,күмәнді тауар қай жақтан, қайда апара жатқаны анықталып жатыр. Шығын шамамен 7 миллион теңге. Қазір заңсыз балық ресурстарын пайдалану бабымен тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде