{metadescription}
Синоптиктер: Алдағы үш тәулікте тұрақсыз күн райы сақталады
Синоптиктер: Алдағы үш тәулікте тұрақсыз күн райы сақталады

Синоптиктер: Алдағы үш тәулікте тұрақсыз күн райы сақталады

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер мұны Мәскеу облысынан ығысқан циклонның әсерінен деп болжап отыр.

Сондықтан елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күн күркіреп, найзағай ойнайды, жел күшеймек. Тіпті күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Бірқатар аймақта қысқа мерзімді жаңбыр жауады дейді синоптиктер.

Ал, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл мен Жетісу облыстарында +35+ 42 градусқа дейін аптап ыстық болады деген болжам бар. «Қазгидромет» мамандары бұл өңірлерде өрт шығу қаупі барын ескертті.

Сымбат Өсер, «Қазгидромет» РМК жетекші маманы:

Көптеген өңірде өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Найзағай, жел күшейеді. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Дегенмен Қазақстанға жерорта теңізінен өте жылы ауа ене береді. Нәтижесінде көптеген облыста термометр бағаны күндіз 27-30 градусқа дейін, ал оңтүстікте 35-42 градусқа дейін жоғарылайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде