{metadescription}
Балмұздақ алуға шыққан бір үйдің екі қызын көлік қағып өлтірді 
Балмұздақ алуға шыққан бір үйдің екі қызын көлік қағып өлтірді 

Балмұздақ алуға шыққан бір үйдің екі қызын көлік қағып өлтірді 

Алматы облысында дүкенге балмұздақ алуға шыққан бір үйдің екі бірдей баласын көлік қағып мерт қылды. 14 жастағы Ақбота мен оның төрт жастағы сіңлісі Қазына кешқұрым уақытта жолдың арғы бетіне, жаяу жүргіншілерге тиесілі емес жерден өтпекші болған. "Мерседес" мінген ер адам қыздарды қатты жылдамдықпен келіп соғып, бірнеше метр жерге ұшырып жіберген. Екі бала оқиға орнында жантәсілім еткен.

Бұл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алтын адам аллеясы. Жантүршігерлік апат осы жерде болған.14 жастағы қыз бен оның төрт жасар сіңлісі жолдан өтіп бара жатқан. Көлік қатты жылдамдықпен балаларды қағып кеткен. Екеуі де сол жерде көз жұмған. Бұл жерде бағдаршам, жаяу жүргіншілер өткелі немесе жылдамдықты тежеу туралы ескерту белгісі жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар үйдің жанындағы дүкеннен балмұздақ алып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпекші болады. Алайда көлік қатты жылдамдықпен келіп қаққан. Тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеткенімен, қыздарды аман алып қала алмадық дейді

Айткул Сейдабуллаева:

Менің естігенім, балмұздақ алған екі қыз, біреуі тоғызды бітірген, біреуі төрт жастағы қыз. Сонан кейін анау жерде отырып, балмұздақ жейміз деген. Сонан кейін мына жақтан бір жеңіл көлік келді, қатты жүріп келді дейді. Екеуі сол жерде жан тапсырды деп айтып жатыр. Екеуі бір үйдің қызы, басқа баласы жоқ екен дейді.

Теміржолшы болам деген 14 жастағы Ақботаның ажалы темір тұлпардан болғанына әлі де сене алмаймыз, - дейді жақындары. Балалықтың бал дәмін татып үлгермеген төрт жасар Қазынаның да орнын кім толтырады деп зар илеп отыр. Қайғыдан қан жұтқан отбасы олардың денесін кеше жер қойнына тапсырған.

Мөлдір Құрбанбаева, әпкесі:

Тоғызды бітірген, енді оқуға түсемін деп мамандық таңдап жүрген. Темір жолға түсемін деп жүрген, пойыздарда деп. Анам екеуі де үйде болған негізі. Сол, 10-15 минуттың ішінде сондай хабар келген ғой, шығып кеткеннен кейін.

Бұл қаладағы ең қауіпті жолдардың бірі, осында жол көлік оқиғалары жиі тіркеледі, - дейді жергілікті тұрғындар. Олар түнде жүргізушілер жаяу жүргіншілерді көрмейтінін айтып, тас жолды жарықтандыруды, "Сергек" камераларын орнатуды талап етіп отыр.

Фариза Ерсалиева, көршісі:

Негізі мына жерге бір жүргіншілер жолын салып қойған дұрыс деп ойлаймын. Біздің көшеде де, көптеген кішкентай балалар бар. Кеше ғана жүгіріп ойнап жүрген қыздар еді. Жанымыз ашиды. Ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз.

Арзыгүл Есіркепова:

Енді балалармен көшеден өтудің өзі қиын. Мен өзім өтетін болсам, сол машиналарға қолымды көтеріп, «тоқтап тұр, айналайын» деп зорға өтемін. Көшеде ,мысалы, үлкен адам жүріп шаршайды, отыратын орындық та жоқ біз жағында, жаяу жүргінші жолы да жоқ. Үлкен көшеде балалар толып жүреді. Сол үшін осындай келеңсіздіктер болып тұр.

Балаларды қаққан көлік жүргізушісі осы ауылдың тұрғыны екен. 33 жастағы азамат бірден қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ДП ресми өкілі:

Апат салдарынан кәмелетке толмағандардың екеуі де оқиға орнында қайтыс болды. Автакөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Ал жүргізушінің рөлге масаң күйде отырды ма, жоқ па, оны сараптама анықтамақ. Қазір ол ҚР ҚК 345-бабы, яғни көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеліп жатыр.

Айта кетейік, марқұм Ақбота мен Қазына бір үйдің кенжелері болған. Енді артында қара жамылып туған екі ағасы мен бір әпкесі, ата-анасы қалды. Қайғыдан қан жұтқан отбасы тергеудің әділ өтуін талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде