Алматы - Өскемен тас жолында болған апаттан 12 жастағы бала ғана аман қалды
Періштесі қағып аман қалды. Алматы - Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты. Ағашқа жапырылып қалған көліктің ішінінен 12 жастағы бала ғана тірі шықты.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
10.06.2024
Қайғылы оқиға өткен түні болған. Ниссан көлігі тас жолда жүйткіп келе жатып, жүргізуші тізгінге ие бола алмай ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, темір тұлпар екіге қақ бөлінген. Ішінде отырған төрт ер адам мен бір әйел сол жерде мерт болды. Ал жарақат алған 12 жастағы жеткішек дереу ауруханаға жеткізілді.
Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:
— Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмелетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілген. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!