{metadescription}
Германия полициясы із-түзсіз жоғалған қазақстандық әйелді іздеуге кірісті
Германия полициясы із-түзсіз жоғалған қазақстандық әйелді іздеуге кірісті

Германия полициясы із-түзсіз жоғалған қазақстандық әйелді іздеуге кірісті

Германия полициясы із-түзсіз жоғалған қазақстандық әйелді іздеуге кірісті. Айгүл Сайлыбаева бір аптадан бері елдегі туыстарымен байланысқа шықпай жатыр. Ал күйеуі оның қайда екенін білмейді. Ата-анасы қызын уайымдап жанын қоярға жер таппай жүр. Германияға іздеп барайын десе, виза әлі дайын емес. Туыстары Айгүлдің жоғалуына оның күйеуі мен енесінің қатысы бар деп есептейді. Күйеуі ұратынын ол құрбыларына айтыпты.

Қанат Сайлыбаев, А.Сайлыбаеваның інісі:

Оны Айгүлдің құрбыларынан білдім. Өзі солармен сөйлескенде видеобайланыспен басын, төбесінің үстінен өзі көзі жетпей, айнада көре алмағаннан, кейін видеоға көрсетіпті. Сол кезде қыздары көріп сурет жасаған. Көгерген, қызарған жерлері бар. Құлағында, жағында ісіп кеткен жерлер болғанын қыздардан естідім.

Айгүл соңғы кезде бейнебайланысқа шығудан қашқақтайтын дейді інісі. Жоғалған күні үйінен енесімен бірге шығып, содан қайтып оралмаған. «Донцовтар отбасы бірдеңені жасырып отыр, өйткені, олар әуелі телефонға жауап бермей қашты, кейін үйдің мекенжайын айтпай, уақыт созды. Тіпті «адам жоғалды» деп полицияға шағымданбаған», - дейді Қанат Сайлыбаев.

 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Астанадағы Сарыарқа ауданы сотында судья болып қызмет еткен. Осыдан бес жыл бұрын елдегі банктердің бірінің экс-директорының немересі Александр Донцовқа тұрмысқа шығып, шетелге қоныс аударған. Үш жастағы қызы бар. Ол қазір әкесінің қолында. Айгүлмен байланысқа шыға алмаған туыстары 5 маусымда Қазақстанның Франфуркт қаласындағы бас консулдығына жүгінген. Елшілік полиция іздеу жұмысын бастағанын хабарлады.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

Бас консулдық өтініш келіп түскен сәттен бастап ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап, біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция өз кезегінде жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Біздің дипломаттар жоғалған азаматшаның туыстарымен тікелей байланыста. Қазіргі таңда неміс тарапына бұл істі жеке бақылауға алуға туралы және барлық қолғабыс көрсету туралы арнайы хат жолданды. Жақын арада неміс тарапымен бірлесіп, туыстарына виза алуға көмектесуге жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде