{metadescription}
Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық сұрады
Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық сұрады

Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық сұрады

Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық сұрады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушысы ретінде мемлекетке опасыздық жасалды деп айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, Мәсімов биыл наурызда президенттің атына рақымшылық жасау туралы өтінішхат жолдаған. Мәсімовтен бөлек, оның үш орынбасары да айыпты деп танылған. Бәріне қаңтар оқиғасы кезінде билікті күшпен тартып алмақ болды, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және құзыретін асыра пайдаланды деген бірнеше ауыр айып тағылған.

Ал Мәсімовке қатысты тағы екі қылмыстық істің жүріп жатқанын айта кетейік қылмыстық жолмен тапқан қаржыны заңдастыру және аса ірі көлемде пара алу.

Жалпы, конституцияға сәйкес, қылмыс жасаған кез келген адам оның ауырлығына қарамастан, президенттің атына кешірім жасау туралы өтінішхат бере алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.