{metadescription}
Қарағанды облысы: Қылмыстық топ қорғансыздардың пәтерін заңсыз иемденіп келген
Қарағанды облысы: Қылмыстық топ қорғансыздардың пәтерін заңсыз иемденіп келген

Қарағанды облысы: Қылмыстық топ қорғансыздардың пәтерін заңсыз иемденіп келген

Қарағанды облысында жалғызбасты жандардың пәтерлерін заңсыз иемденген қылмыстық топ құрықталды. Арам пиғылды риелторлар күмәнді кәсібіне заңгерлер, нотариус пен адвокаттарды да тартқан.

Бас-аяғы 14 пәтерді заңсыз иемденген топтың жетекшісі деструктивті діни ағым мүшесі. Олар жалғызбасты зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен араққа салынғандардың мүлкін май-шелпекке айналдырған. Алдау-арбаумен қатар көбіне зорлық-зомбылық көрсету арқылы баспаналарын басқаның атына жаздырып отырыпты. Іздеуі жоқтар қаңғырып қалған. Қорғансыздарды қорлағандар осылайша 14 пәтерді иемденген. Тергеуде бұл санның өсуі де ғажап емес. 

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Тінту жүргізгенде түрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке дерекетеріне қатысты көптеген құжат тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатасы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде