Қызылордада қылмыстық топ адам ұрлап, өзгенің мүлкін тартып алып отырған
Қызылордада қылмыстық топ кәсіпкерлерді үрейде ұстаған. Күдіктілер бұған дейін адам ұрлап, өзгенің мүлкін тартып алумен айналысыпты.
Автор: Сәбит Әлдебай
10.06.2024
Қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері арнайы операция кезінде ұсталды. Күш құрылымдары бұған дейін ұзақ мерзімді жедел іздестіру шараларын жүргізген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің мамандары күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу қиын болғанынайтады. Жіті тексеріс кезінде олардың адам ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқанын анықтаған. Енді күдіктілердің ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсету мен басқа да бопсалауларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!