{metadescription}
Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау министрлігінің онкологияға қатысты шешімін сынады
Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау министрлігінің онкологияға қатысты шешімін сынады

Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау министрлігінің онкологияға қатысты шешімін сынады

«Бұл науқастарға өте ауыр тиеді». Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов онкология қызметіне бөлінетін бюджет қаражатын 20 пайызға қысқарту жөніндегі денсаулық сақтау министрлігінің шешімін сынады. «Еш талқылаусыз қабылданған шешім» деген депутаттың министрлік берген жауабына да көңілі толмай отыр.

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты

Өкінішке қарай, азаматтар емдеудің жеткіліксіздігінен емес, тоз-тозы шыққан сәулелік аппараттардан өліп жатыр. Олар жақын орналасқан сау мүшелерді күйдіріп, зақымдауда. Адамдар қатерлі ісіктен гөрі, оны емдеудің салдары мен ескі-құсқы құрал-жабдықтардан көз жұмады. Қаржыландыруды қысқарту науқастарға өте ауыр. Олар Қазақстанда химиятерапиядан басқа да қымбат ем қабылдайды, ал бұл шешім сауығып кетуге мүмкіндікті азайтады.

Онкологиялық орталықта өткен көшпелі отырысқа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова келмегендіктен, қарша бораған сұрақ пен сынға оның орынбасары Тимур Сұлтанғазиев жауап берді. Тек вице-министр келтірген дәйекке депутаттардың көңілі толмай отыр.

Елімізде жыл сайын 13 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады. Бұған бірнеше себеп бар. Соның бірі онкология дертін ерте анықтау көрсеткіші өте төмен. Жаман ауру көп жағдайда үшінші немесе төртінші кезеңде анықталуда. Оған қоса, қатерлі ісік жасарып барады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылмаған 3 жарым мың адам онкологиялық скринингке қол жеткізе алмай отыр. Маман тапшылығын былай қойғанда, елімізде онкогематология зертханалары жоқтың қасы.

«Онсыз да қыл үстінде тұрған онкологиялық қызметке қаржыландыру азайса, жағдай тіпті ушығып кетуі мүмкін», - деді депутаттар. Ақыры бірнеше күн бойы қызу талқыға айналған даулы бұйрық қайта қаралып, жаңа тариф 2025 жылы енгізілетін болды.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:

Тексерілген кезде онкодиспансерлердің қаражатында 30 млрд-тан аса қаражат бар екенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде де сол қаражат бар. Біздің негізгі мақсатымыз сапалы және қолжетімді медициналық қызметпен қамту.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.