ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады
ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады. Заңға сәйкес, енді мәдениет және ақпарат министрлігі бұл мәселені қарап, 40 күн ішінде тиісті шешім шығаруы тиіс.
Автор: Айжан Шамшидин
10.06.2024
Бір жыныстылардың қарым-қатынасын дәріптеуге қарсы талапты қазақстандықтар E-petition.kz мемлекеттік платформасында жариялаған. Петиция бастамашысы, Қазақстандық ата-аналар одағының жетекшісі Бағила Балтабаева.
Айта кетейік, бұл ресми платформада уақыт белдеуін өзгерту туралы бастамадан кейін қажетті қол жинаған екінші петиция. Енді мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тарап пен мемлекеттік органдардың басын қосып жұмыс тобын құрады. Әзірге жұмыс тобына кімдер кіретінін айтылған жоқ.
Бұған дейін бір топ депутат ЛГБТ туралы жазуға тыйым салуды, сондай жасырын және ашық насихаттағандарға бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды ұсынған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!