{metadescription}
Ақтау соты төрағасының пара алып жатқан видеосы тарады
Ақтау соты төрағасының пара алып жатқан видеосы тарады

Ақтау соты төрағасының пара алып жатқан видеосы тарады

Ақтауда қалалық сот төрағасының пара алып жатқан видеосы тарады. Бауыржан Шайдуллин сотталушыны бас бостандығынан айырмау үшін ірі көлемде ақша алған.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау сотының төрағасы әлдекімнен қара сөмке алып жатқаны анық байқалады. Дәл қылмыс үстінде қолға түскен судья тінту кезінде 18 миллион теңге тәркіленді. Ол қомақты қаражатты сенімді адам арқылы сотталушының жазасын жеңілдету үшін алған екен. Қазір қара қылды қақ жаруы тиіс судья тергеу абақтысына қамалды.

:Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚПК 550-бабына сәйкес, бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау сотының төрағасын ұстады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде