{metadescription}
Түргендегі үйлену тойында аспанға автоматпен атқылағандар ұсталды
Түргендегі үйлену тойында аспанға автоматпен атқылағандар ұсталды

Түргендегі үйлену тойында аспанға автоматпен атқылағандар ұсталды

Аспанға автоматтан оқ атамын деп, абақтыдан бір-ақ шықты. Алматы облысында үйлену тойын дабыра қылған жігіттер ұсталды. Кілең қымбат шетелдік көлік тізгіндеген олардың дарақы әрекеті кешеден бері желіде жұрттың шамына тиген.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында болған. Жас жұбайларды құттықтауға келген жігіттердің қатты қуанғаны соншалық, жан-жағына оқ жаудырған. Абырой болғанда, атылған оқтар адамдарға тимепті. Қонақтар, керісінше, жігіттердің қылығына қуанып, видеоға түсіруін қоймаған. Көп ұзамай облыстық полиция бұзақылық жасаған бір топ азаматты қолға түсірді. Кеше тойда тілек айтқан жігіттер, енді тергеушілерге мылтықты қайдан алғанын түсіндіріп беруі керек.

Бауыржан Әленов, Алматы облысы ПД бастығы:

Жедел іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерімен барлық құқықбұзушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Атыс қаруы қолданған бұзақылық фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен қылмыстық іс қозғалды. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде