{metadescription}
Қауіпті инфекция: Ақтөбеде көкжөтелге шалдыққандар көбейді
Қауіпті инфекция: Ақтөбеде көкжөтелге шалдыққандар көбейді

Қауіпті инфекция: Ақтөбеде көкжөтелге шалдыққандар көбейді

Ақтөбеде көкжөтелге шалдыққандар көбейді. Биыл бұл вирустан жүзден аса бала ауырған. Ал, былтыр бірде-бір науқас тіркелмеген дейді дәрігерлер.

Көкжөтел тез таралатын ауру. Аймақта індет қыстан бастап өрши бастаған. Вирустың қайдан және қалай тарағанын мамандар нақты айта алмай отыр. Себебі сараптамадан өткізіп, сырттан келген-келмегенін анықтауға көп қаржы керек. Көкжөтел жұқтырғандардың дені балалар. Бірақ екпемен алдын алуға болады. Бұл індетпен ауырғандар күркілдеп үздіксіз жөтеледі. Тынысы таралып, тіпті өліп кетуі мүмкін дейді дәрігерлер. Жарты жылда Ақтөбеде көкжөтелді 106 адам жұқтырған.

Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облысы санитария –эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Қауіпті инфекция. Бұның өте тамақты қыспа жөтелі болады. Соңында кішкентай бала көгеріп кетеді. Ауа жетпей қалады. Өліп кетуі де мүмкін. Өте қауіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде