Алматы облысында есірткі контрабандасы қолға ұсталды
Опа-далап дегені есірткі болып шықты. Алматы облысында аса ірі көлемде есірткі контрабандасы құрықталды. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, «Қазпоштаның» Іле ауданындағы бөліміне сыртына «косметикалық бұйымдар» деп жазылған қорап келіп түседі.
Автор: Айжан Шамшидин
10.06.2024
Пошта қызметкерлеріне қорапта бір келіге жуық гашиш майы салынғаны жайында ақпарат келіп түседі. Жүкті қабылдап алушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын да сотталған екен. Ал бұл жолы үйін тінту кезінде қолданылған шприцтер, зиппактетер мен басқа есірткіні пайлалану құрылдары табылған.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
— Алматы облысы Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілімнің түскені анықталды. Қазір аталған азамат сот шешімімен қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!