{metadescription}
Атырауда маса қаптап, тұрғындар үйден шыға алмай отыр
Атырауда маса қаптап, тұрғындар үйден шыға алмай отыр

Атырауда маса қаптап, тұрғындар үйден шыға алмай отыр

Атырауда биыл маса буып тұр. Тұрғындар кешкілік үйден шығудан қалған. Себебі өңірдегі тасқын судың салдарынан зиянкестер күрт көбейген.

Қала аумағында зиянкестерге қарсы улау жұмысын жүргізуді жергілікті әкімдік кеш бастады. Әзірге демеушілердің ғана көмегіне жүгінген. Өйткені мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі әлі жарияланбаған. Биыл маса улауға 100 млн теңге қаржы бөлініпті. Бірақ конкурсқа қатысатын компаниялардың құжаттарынан қате кетіп, кейінге қалдырған. Осындай келеңсіздіктен қазір қала халқы масаға таланып отыр. Дегенмен жауаптылар «жаз басталса да, кеш қалмадық» дейді. Дезинфекция жұмыстары демеушілер көмегімен жасалып жатыр деп ақталуда. Алайда әзірге 1233 көп қабатты тұрғын үйдің тек 200-ден астамының ғана жертөлесіне у шашып үлгерген.

Темірлан Әубәкіров, Атырау ТКШ және тұрғын-үй инспекция бөлімі басшысының орынбасары:

Ашық электронды конкурс жариялаған болатын. Бұл конкурстарды негізі ақпан айында жарияладық . Бірақ тендерге түскен мекемелердің біздің талаптарға құжаттары сәйкес келмеуіне себепті қайталама тендер жариялауға тура келді. Бірақ қазір қала әкімдігі тарапынан бұл мәселені шешу мақсатында демеушілік тарапынан осы маусым айынан бастап «AG» мекемемен жұмыс жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде