{metadescription}
Ақтөбе облысы: Тоғыз ауданда табылған шегіртке дернәсілі қауіп туғызды
Ақтөбе облысы: Тоғыз ауданда табылған шегіртке дернәсілі қауіп туғызды

Ақтөбе облысы: Тоғыз ауданда табылған шегіртке дернәсілі қауіп туғызды

Ақтөбе облысының шаруалары шегірткенің шабуылынан қорқып отыр. Аймақтағы он екі ауданның тоғызында бұл зиянкестің дернәсілі табылған.

Аймақта шегіртке жұмыртқаламаған жер қалмапты. Тек Мәртөк, Темір мен Ырғыз аудандары ғана таза. Шаруалар далалықты шұғыл жаппай улау керек деп дабыл қағуда. Себебі зиянкес ыстықты жақсы көреді және үйірін жинай қояды. Аптапта дернәсілі де тез көбейеді.

Ал синоптиктер маусымның 14-інен бастап сынап бағанасы бірден қырық градусқа дейін көтеріледі деп отыр. Бет қаратпас ыстық апта бойы сақталатыны туралы тұрғындарға ескерту де жасалған. Биыл Ақтөбе облысында 800 мың гектарға жуық алқапқа шегірткеге қарсы дәрі шашылуы тиіс. Бірақ әзірге оның жартысын да улап үлгермеген.

Асылхан Әбтиев, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі күні облыстағы барлық аудандарда шегіртке жұмыртқалаған аймақтар анықталды. Бірақ үйірлі шергіртке жоқ. Ақтөбе қаласы мен Мәртөк, Ырғыз және Темір аудандарында дернәсілі байқалмады. Шегірткеге қарсы улау жүргізіліп жатыр. Техникалар далада жұмыс істеп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде