{metadescription}
Тасқын: Үкімет басшысы өңір әкімдеріне тағы ескерту жасады
Тасқын: Үкімет басшысы өңір әкімдеріне тағы ескерту жасады

Тасқын: Үкімет басшысы өңір әкімдеріне тағы ескерту жасады

«Жаз мезгілі тым қысқа, тез қимылдаңдар». Осылай деген премьер-министр су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары баяу жүріп жатқан өңірлердің әкімдеріне тағы ескерту жасады.

Олжас Бектеновтың көңілінен шыққаны тек Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үйлердің құрылысы. Қалған аймақтарда бұл жұмыс өнбей жатыр. Тасқынның кесірінен елде 18 мыңнан астам үй-жай бүлінген. Үкіметтің жоспары бойынша, екі мыңнан астам үй жаңадан салынады, бес мың үй немесе пәтер сатып алынады, қалған 10 мыңға жуық үйді жөнделуге тиіс. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында әлі 2 мыңнан астам бүлінген күйі тұр. Жалпы тасқын болған өңірлерде 1800-ден астам баспана салынып жатыр екен. Құрылыс қарқыны әзірге Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында бәсең. Үкімет басшысы тасқынмен күрес кезінде қолданылған құм қапшықтарды жинап алуды да әкімдерге тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Тағы да еске саламын , жаз мезгілі қысқа, бәрі белгіленген мерзімде әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт керек. Өкінішке қарай, жергілікті билік органдарының жұмысында салғырттық бар шешім қабылдауда, ұйымдастыруда. Әсіресе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының белсенділігін арттыру қажет. Мерзімді мүлдем бұзуға болмайды. Бірақ тек мерзім емес, сапа жағы да өте маңызды. Оған да жіті назар аудару қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде