Шетелде қомақты ақша табуды көздеген азаматтар алданып қалған
Шетелге барып қомақты ақша табуды көздеген азаматтар сан соғып қалды. Әрқайсысы өзге елден «жұмыс табуға көмектесеміз» деген компанияға миллионға жуық теңгеден аударған. Алайда арамыздан «Англияға ақша табуға аттанған адам көрмедік» дейді. Бармағын шайнап қалғандар енді кімнен көмек сұрарын білмей дал. «Алдандық» деген азаматтар бүгін Серіктестіктің кеңсесіне жиналды.
Автор: Ақтоты Жұмабек
11.06.2024
Ондаған Қазақстандық Англияға жұмыс істеуге барамыз деп, Алматыдағы аты өзгере беретін Серіктестікке қомақты қаражат құйдық дейді. Ең азы 750 мың теңгеден бастап миллион теңгеге дейін санап берген. Қолына келісімшартты ұстатқан. «Жалақысы айына миллион теңгеден асады» деп сендірген. «Алдандық» деген азаматтардың қатарында Қостанай, Астана, Шымкент,Түркістан облыстарының тұрғындары да бар.
Ғабит Айтпаев, Шымкент тұрғыны:
— 2022 жылы мамырда й Инстаграмнан «Жұмыс істе» деген компанияны таптық. Әлімжан деген бір жігіт, менеджер, «үш орын қалды», «төрт орын қалды», «ертерек алып алыңыз» деп, Чехияға зауытқа жібереміз деген. Содан үш орын қалды, «екі-үш айдың ішінде кетіп қаласың» деді. «Жалақың миллион болады» деді.
Хамит Қайролла Астана қаласының тұрғыны. Өткен жылы нәпақа табу үшін шетел асуға шешім қабылдайды. Әлеуметтік желіден «Табысты бол» деп аталатын компанияның парақшасын тауып алып, Англияға жібереміз деген жарнамасына «ұрындым» дейді.
Хамит Қайролла, Астана тұрғыны:
— Бұл компанияны Инстаграмнан тапқанбыз. Пікірлері керемет екен. «Жұмыс істе» деп аталған. Ал уже екі айдан кейін «Табыс тап» деп өзгертіп тастапты . Міне, басқа атпен аталып жатыр. Англияға, далада істеййтін жұмысқа жібереміз деген. Маусыммен, алты айлық жұмысқа. Алты ай өтті ,жұмыс та жоқ, ақша да жоқ, ешнәрсе жоқ.
Алданғандардың көбі бұл компанияны әлеуметтік желіден тапқан. Көрсетілген мекенжайына хабарласып, келісімшартқа онлайн қол қойған. Содан кейін қаржы аударған. Тіпті кейбірі несие рәсімдеп, бар ақшасын берген.
Әшімхан Исабаев, Түркістан тұрғыны:
— Инстаграм арқылы таптым. Желтоқсанның 28-і күні 700 мың деді, мен 620 мың бердім, 80 мыңды келген соң берсеңіз болады деді. Бір шарт жіберді, мәз болып қол қойдық. «Оның ішіне ештеңе кірмейді, оның бәріне өзін төлейсің, жолыңа да, визаңа да өзің төлейсің, ар жаққа барғаннан кейін де ақшаңды өзің төлейсің» дейді.
Аталмыш компанияның бас кеңсесіне біз де бас сұқтық. Бас кеңсе бос кеңсеге айналғандай, екі-ақ қызметкерді көрдік. Олар заңды түрде жұмыс істейтінін айтты. «Осы жылдың өзінде мыңнан астам адамды шетелге жібердік» дейді. Ал бас тартқандардың ақшасы еш қиындықсыз қайтарылып жатыр деді.
Даниель Гратий, компания өкілі:
—Егер ол тоғыз айдан кейін ешқайда кетпеген болса, онда ол ақшаны қайтару туралы арыз жазады. Екі-үш ай ішінде жүз пайыз қайту керек. Егер адам дәл мерзімнің аяқталуын күтпесе немесе Англияға ұшпаса, онда бұл ұстап қалу ретінде саналады. Ақшаны қалай қайтаратынымызды шешеміз. Ол үшін әркіммен жеке келісемін. Мүмкін соның нәтижесінде шағым қалмас. Келіссөздерден кейін компания өкілдері клиенттермен есеп айырысуға шешім қабылдады. Адамдарға ақшасын қайтарды, бірақ әлі де толық емес.
«Алдандық» деген азаматтардың біразына қаражат қайтарылған көрінеді. Ал қалған зардап шеккені ақшасын түгеел алмайынша, қайтпайтынын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!