{metadescription}
ДСМ онконауқастардың ем-домына бөлінетін тарифті қайта қарайды
ДСМ онконауқастардың ем-домына бөлінетін тарифті қайта қарайды

ДСМ онконауқастардың ем-домына бөлінетін тарифті қайта қарайды

«Науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды». Онкологиялық дертке шалдыққандарға бөлінетін бюджет қаражатын 20 пайызға қысқартамыз деген денсаулық сақтау министрлігінің бастамасын депутаттар сынға алғаннан соң, жауаптылар шешімдерін өзгертіпті.

Министр Ақмарал Әлназарова қоғам наразылығынан кейін онкологиялық науқастардың ем-домына бөлінетін тарифті қайта қарау мәселесін қолға аламыз деп отыр. Дегенмен ортақ бір мәмілеге келгенше, ортада науқастар зардап шекпейді. Олардың диагностикасы, ем-домы, мемлекет есебінен алатын дәрі-дәрмегі бәз-баяғыдай бөлініп отырады.

Жалпы жыл сайын Қазақстанда 13 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады. Жаман аурудың алдын алу үшін қазақстандықтарды тексерістен өткізетін аппараттардың да басым бөлігі ескіргенін Ақмарал Әлназарованың өзі мойындап отыр. 

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Еш науқас дәрісіз, көмексіз қалмайды. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің мойнында болған жүктеменің барлығы іске асырылады деп уәде беремін. Тоз-тозы шыққан аппараттарды кезең-кезеңімен алмастырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде