{metadescription}
ДСМ: Жаңа уақыт белдеуі денсаулыққа зиян тигізіп жатқан жоқ
ДСМ: Жаңа уақыт белдеуі денсаулыққа зиян тигізіп жатқан жоқ

ДСМ: Жаңа уақыт белдеуі денсаулыққа зиян тигізіп жатқан жоқ

"Жаңа уақыт белдеуі денсаулыққа кері әсерін тигізіп жатқан жоқ". Елімізде бірыңғай сағат теңесуіне наразылық білдіріп қол жинағанға қатысты денсаулық сақтау министрінің пікірі осындай.

Тұтас Қазақстанда сағат теңескен осы үш айда ауруханаларға уақыттың ауысқанына шағымданып келген жан баласы болмапты. Қайта сағат тілінің кері шегінуі қазір болмаса да, болашақта отандастарымыздың денсаулығына оң әсерін тигізуі мүмкін дейді Ақмарал Әлназарова. Ал таң бозарып сағат екі жарымда атады деп шағымданған шығысқазақстандықтардың базынасын бас дәрігер сауда министрлігінің жанынан құрылған жұмыс тобында қараймыз деп уәде берді.

Еске сала кетсек, бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияға 50 мыңнан астам адам қол қойған болатын. E-petition.kz мемлекеттік платформасында жарияланған үндеуді жауаптылар 40 күн ішінде қарап, тиісті жауап беруге тиіс.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Сағат белдеуі мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланды. Елімізде ғылыми орталықтар, физиология орталықтары жұмысқа тартылды. Фесенков атынадғы астрофизика институты да. Сондықтан бұл шешім ғылыми шешімдерге негізделе қабылданды деп айтса болады. Сағат белдеуі өзгергенненн кейін емханалар мен ауруханаларға түсіп жатқан науқас санын, басқасын байқап отырған жоқпыз. Сондықтан ол денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға негіз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде