{metadescription}
Шымкентте алаяқтарға 73 миллион берген шетел азаматы әділдік таппай жүр
Шымкентте алаяқтарға 73 миллион берген шетел азаматы әділдік таппай жүр

Шымкентте алаяқтарға 73 миллион берген шетел азаматы әділдік таппай жүр

Шымкентте алаяқтарға 73 миллион теңгесін санап берген шетел азаматы әділдік таппай, енді елшілік жағалап жүр. Қытай азаматы Қазақстанға келіп ірі қараның ішек-қарнын сатып алмақшы болыпты. Бірақ Шымкенттегі қасапханаларда «танысымыз бар» деген үш жігіт 73 миллион теңгесін алып, уәде етілген тауарды бермей қойған.

Полицияға да бірден арыз жазылады. Бірақ қылмыстық іс қозғалғанымен, тергеуші айғақ зат ретінде алынған 30 тоннаға жуық ішек-қарынды көп ұзатпай күдіктілерге беріп, іс қысқарған.

Ван Ир Чанг есімді қытайлық кәсіпкер наурыз айынан бері Шымкенттің Полиция департаменті мен прокуратурасын айналшықтап жүр. Малдың ішек-қарнын Қытайға алдырып, содан деликатес жасаймын деген 45 жастағы шетелдік Алматыда үш жігітпен танысады. Олар Шымкенттегі қасапханаларда таныстарының көп екенін айтып, төрт айда «30 тонна тауар дайындап қойдық» деп, 73 миллион теңге ақша аудартқызған.

Ван Ир Чанг, кәсіпкер:

Қазақстаннан ішек-қарын алдырып, компания ашамын деп ойлағанмын. Әлгілер күнделікті видеомен хабарласып, қойма толы қырыққабат деп аталатын ішек-қарынды көрсеткен соң сеніп, ақша аударып отырдым. Наурыз айында тауарды көзбен көрмекке келсем, еш нәрсе жоқ.

Шетелдіктің арызынан кейін іс қозғаған полицейлер күдіктілерді ұстап, 756 қап мұздатылған ішек қарынды тәркілеген. Күдіктілер де ақша алғанын, бірақ тауарды бермегенін мойындапты. Дегенмен көп ұзамай айғақ зат ретінде алынған деликатесті алаяқ ретінде күдікке ілінгендерге қайтарып бере салған.

Нұржан Үсіпханов, адвокат:

Ешқандай да мәселе жоқ, болды, іс қысқартылады, біз затты сатып жібердік деген тікелей өзінің айтқан, мойындаған фактісі бар. Алайда сен енді осы іс бойынша біздің мақсатымыз қытайлықты лақтыру, ештеңе бермеу деген мәселені сол жерде толығымен айтып берген.

Жәбірленушілер күдіктілердің дауысы жазылған аудиожазбаны Шымкенттегі полиция басшылары мен прокурорларға да тыңдатқан. Бірақ ешкім селт етпепті. Алданған кәсіпкер қорғаушыларын алып бүгін полиция департаментіне тағы барды. Тәртіп сақшылары бұл жолы да қылмыстық іс қысқартылған деп қысқа қайырды.

Бағлан Исатаева, Шымкент ПД ресми өкілі:

Құқықтық қатынастардың азаматтық аяда қаралуына байланысты қылмыстық істі тоқтату бойынша шешім қабылданды. Үшбуынды тергеудің ұшбуынды моделі аясында аталған шешім прокуратурамен келісілген.

Қазір кінәсін мойындаған үш жігіттің қайда екені белгісіз. Сондай-ақ ақшасы төленген тауардың да қай жаққа кеткенін ешкім білмейді. Ал Шымкенттің құқық қорғау орындарынан әділдік таппаған шетелдік енді Ішкі істер министрлігіне шағым түсіріп, нәтиже шығаруға үмітті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде