{metadescription}
Таразда ауыл шаруашылығы саласынан зейнетке шыққан есепшіге айып тағылған
Таразда ауыл шаруашылығы саласынан зейнетке шыққан есепшіге айып тағылған

Таразда ауыл шаруашылығы саласынан зейнетке шыққан есепшіге айып тағылған

Тергеуге куәгер болып барып, күдіктіге айналды. Таразда талай жыл ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан есепшіге қомақты субсидияны қолды қылды деген айып тағылды. Алайда күдіктінің адвокаттары 65 жастағы зейнеткердің кінәсі дәлелденген жоқ дейді. Өйткені Серіктестіктің бұрынғы есепшісі субсидия төлеуге жасалған сұранысқа тікелей қатыспаған. Сондықтан жазықсыз жала жабылды деген күдіктінің туыстары Бас прокуратурадан тергеуді бақылауға алуды сұрап отыр. 

Елена Ушакова, адвокат:

Тергеу материалдары менің қорғаушымның кінәлі екенін дәлелдей алмайды. Бізге белгілісі осы ғана. Әзірге тергеудің барлық құжатына қол жеткізе алмай отырмыз. Сонда да айтарымыз қаражатқа сұраныс жасау есепшінің қызмет аясына кірмеген. Сондықтан бұл істі жіті тексеру керек. Ал прокуратура қызметкерлері тергеуді біржақты жүргізуде.

Тергеуге алынған 65 жастағы зейнеткер үйқамақта. Ол бұған дейін екі ай тергеу изоляторында қамауда болған. Алайда облыстық сот оның денсаулығының сыр беруіне байланысты үйқамаққа ауыстыру туралы шешім шығарыпты. Ал, қылмыстық істі тергеп жатқан прокуратура қызметкерлері тергеу құпиялығына байланысты, қылмыстық істің жай-жапсары жарияланбайды дейді.

Сәкен Байталиев, Жамбыл облысының прокуратурасы6 Сотқа дейінгі тергеп тексеру басқармасының басшысы:

Оның іс-әрекеті ҚР ҚК тиісті бабтарымен сараланған. ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс жариялануға жатпайды. Қазір тергеу жүріп жатыр, аяқталып қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде