{metadescription}
Былтырдан бері жаңа баспанаға да, ескі үйлерге де сұраныс төмендеген
Былтырдан бері жаңа баспанаға да, ескі үйлерге де сұраныс төмендеген

Былтырдан бері жаңа баспанаға да, ескі үйлерге де сұраныс төмендеген

Елімізде жылжымайтын мүлік нарығы алға жылжымай тұр. Былтырдан бері су жаңа баспанаға да, ескі үйлерге де сұраныс төмендеп кеткен. Риелторлар бұған жеңілдетілген ипотека бағдарламаларының болмауы мен зейнетақы қорында қаражаттың жоқтығы себеп дейді.

Нина Лукьяненко, Қазақстан риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі:

Жылжылмайтын мүлік нарығында жалпы бір жылға жуық тоқырау байқалады. Жаңа баспаналар мен бұрын салынған үйлерге сұраныс бір қалыпты. Сәуір айымен салыстырғанда елдегі мәмілеле саны 6 пайызға қысқарған. Әсіресе Алматыда 10 пайызға дейін пәтер алушылар саны азайды. Бұған елдің экономикалық жағдайы мен депозиттердің пайыз мөлшерлемелері себеп деп болжаймыз.

Дегенмен Астана қаласында 15 пайызға дейін сұраныс артыпты. Ал шаршы метрлердің құны бұрынғыдай ел бойынша аспандап тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда жылжымайтын мүліктің құны өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі пайызға қымбаттапты. Бұл жағынан Ақтөбе көш бастап тұр. Мұнда жаңа пәтер құны 10 пайызға дейін өскен. Талдықорғанда да 9 пайызға жуық қымбатшылық байқалады. Риелторлар жалға берілетін пәтерлерге де сұраныс оқу жылы аяқталғандықтан, әлдеқайда азайды дейді.

Аян Ағман, риелтор:

Риелтор ретінде қарайтын болсам, айына 1-2 мәміле жасаймын. Алдыңғы жылмен салыстырғанда өте аз. Алдыңғы жылы орташа 4-5 болатын. Жақсы ипотека бағдарламалары азайды. Егер мемлекет халыққа тиімді ипотека бағдарламаларын ұсынса, нарық көтеріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде