«Ақжайық» футбол клубы жарты жылдан бері жалақы алмаған
Оралдағы «Ақжайық» футбол клубының ойыншылары мен қызметкерлері жарты жылдан бері жалақы алмапты. Себебі: биыл жергілікті бюджеттен ақша бөлінбеген. Ал жоспарланған 400 миллион теңге тасқын салдарын жоюға жұмсалыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
11.06.2024
Манарбек Ержанов, «Ақжайық» ФК директоры:
— Егер бөлінбеген жағдайда, құрылтайшы да өз тарапынан жауап берер. Ол енді аяғы банкроттыққа алып келуі мүмкін. Егер де футбол болмайтын болса, ол тек қана біздің Футбол федерациясының заңымен емес, баршаңызға мәлім, УЭФА мүшесіміз. Яғни футбол клубы жабылатын болса, жаңа клуб ашылып, біздің жұмысымызды жалғастырып кете алмайды.
Қазір футбол клубы жекенің қолында. Өткен жылы бюджеттен қарастырылған 1 миллиардты 400 миллион теңгеге дейін қысқартып тастаған. Бұл жағдай команда Премьер-лигадан шығып қалғаннан кейін орын алыпты. Биыл мүлдем бір тиын алмаған. «Ақжайықтың» иелері бұл команданы мемлекетке қайта қайтарудың амалы болуы мүмкін деп күдіктенеді. Ал облыстық спорт басқармасындағылар ақша бөлінгенін айтып отыр. Бірақ мемлекеттік сатып алу байқауы жыл басынан бері екі рет жарияланып, құжаттары дұрыс болмай кері қайтарылған. Айтуларынша, одан кейін тасқын болып, ел әбігерге түскенде6 қаржы басқа салаға аударылған екен. Сондықтан шенеуніктер балалар командасын қалай да қаржыландырамыз, ал ересектер өз мәселесін өздері шешсін, - дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!