Қарағандыда бір жасар бала көкжөтелден қайтыс болған
Қарағанды дәрігерлері бір жастан асқан баланың көкжөтелден қайтыс болуына қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша ата-анасы баланы бір ай бойы жөтеліп есінен танғанда ғана ауруханаға әкелген. Сондай ақ нәресте туғаннан бері ешқандай вакцина алмаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
11.06.2024
Дәрігерлер 1 жас 9 айлық бала ауыр халде жеткізілгенін айтады. Тіпті оның компьютерлік томографияға түсіру де мүмкін болмаған. Баланы бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосыпты. Дәрігерлер оның ата-анасы вакцинацияға қарсылар қатарынан дейді. Оның үстіне небәрі 990 грамм салмақта дүниеге келген нәресте ана сүтін ембеген.
Өңірде көкжөтелге қатысты жағдай тұрақты дейді мамандар. Бірақ жаппай вакцинациядан өту маңызды. Көкжөтелге шалдыққан адам оны 15 адамға оңай жұқтырады. Ал жөтел 100 күнге дейін созылуы мүмкін. Бірінші белгілерін байқай сала,міндетті түрде дәрігерге көрсетуі керек.
Бибігүл Төлегенова Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
— Балада ауыр дәрежедегі көжөтел верификацияланды. Екіжақты толық пневмония анықталды. Ауыр дәрежеде. Өкпенің ісінуі, мидың ісінуі, септикалық шок және сепсис болды . Үйде ұзақ емделуіне және бейінді стациянарға 27 тәулікте кеш жүгінуіне байланысты бала қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!