{metadescription}
Былығы көп сала. "Қазақстан темір жолы" дефолт алдында —  3 трлн қарыз
Былығы көп сала. "Қазақстан темір жолы" дефолт алдында —  3 трлн қарыз

Былығы көп сала. "Қазақстан темір жолы" дефолт алдында — 3 трлн қарыз

"Қазақстан темір жолы" дефолттың алдында тұр. Ұлттық компанияның қарызы 3 трлн теңгеге жақындаған. Оны өздігінен өтейтін шамасы жоқ. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы бүгін Мәжілісте белшесінен шығынға батқан компанияға үкімет көмектессін деп ұсыныс айтты. Ал былығы көп салаға сын айтқан депутаттардың алдында жауап беруге "ҚТЖ" басшысы Нұрлан Сауранбаев келген де жоқ.

Соңғы төрт жылда темір жол саласына екі трлн теңге құйылған. Оның 332 млрд теңгесі бюджет ақшасы. Қомақты сома салынғанына қарамастан, салада проблема шаш етектен. Теміржол желілері, локомотивтер, вагондардың әбден тозығы жеткен. Вокзалдар жөндеу көрмегелі қай заман. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Қазақстан темір жолы «әрең күн көріп отыр» дейді.

Әлихан Смайылов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы:

Бүгінде "Қазақстан темір жолы"  өз міндеттемелерін толық төлеуге қабілеті жоқ және кредит тәуекелінің «қызыл» аймағында тұр. Борышы 2024 жылдың басында 2,9 трлн теңгені құрады және әлі де өсіп жатыр. Жалпы борыштың 45 пайызы, яғни  1,3 трлн теңгесі бұрын алынған борыш міндеттемелерін қайта қаржыландыруға бағытталған.

2 трлн 9 миллиард теңге қарыз қайдан шықты? Оны "Қазақстан темір жолы" басшылығы былай түсіндірді.

Қанат Әлмағамбетов, «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасының орынбасары:

Вагондар, локомотивтер, жүк вагондарын, жолаушылар таситын вагондар алдық. Міне, жол салып жатырмыз. Ол да транзитке байланысты ғой. Бірақ тариф көтерілмесе, біз 3-4 трлн ақшаны қайтара алмаймыз.

Одан қалды, еліміздің бас аудиторы айтқанда, "ҚТЖ" бір қарызын екінші қарыз есебінен жапқан. Былығы көп сала сөз болып жатқанда "Қазақстан темір жолы" басшысы келмей, оның  орынбасарын жібергені мәжілісмендердің шамына әбден тиді.

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

"Қазақстан темір жолына" сұрақ көп, оның президенті бұл жерде жоқ. Сауранбаев деген кім? Неге келмейді мұнда? Өмірі келген емес. Осы мәселе қайта-қайта көтеріледі. Сауранбаев келмейді. Кім ол? Неғылған адам? «ҚТЖ» өмір бойы жемқорлыққа былығып жатыр, ал ол келіп жауап бермейді. Шақырайық бәрін, тыңдайық. Қайда кетіп жатыр ақша? Олардың ақшасы емес қой. Әрқайсысының бонустары, жалақысы, үйі, көлігі қандай? Ол елдің ақшасы ғой. 

Депутат Мақсат Толықбай да тозығы жеткен вокзалдар атқораға айналды, неге жөндемейсіңдер деп сұрған. «Ақшаның бәрі темір жол салуға кетіп жатыр, артылған қаражатқа қабырғасын ақтап береміз, биыл 17 вокзал жөнделеді» -  деді компания өкілі. Ал Ерлан Сайыров сұрақты темір жол саласының жағдайын айтып келген Жоғары аудиторлық палата төрағасының өзіне қойды.

Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:

Жаңа өзіңіз айтып кеттіңіз. Бүгінгі таңда "Қазақстан темір жолының" қаржылық жағдайы өте мүшкіл деп. Шынын айту керек, ол жағдай сіз премьер-министр болып тұрған кезде ушығып кетті. Сондықтан, бір сыпайы сұрақ қояйын. Сол кезде осы мәселемен неге айналыспадыңыздар?

Әлихан Смайылов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы:

Біз өз кезімізде бұл мәселелерді бірнеше рет көтеріп, тиісті сала министрлігіне де, «ҚТЖ»  компаниясына да тиісті тапсырма беріп, жұмыс талап еткенбіз. Бірақ та қабылданған шаралар толық көлемде жүрмей, тиімсіз болып шықты. Сондықтанб ұл мәселені тағы да көтеруге мәжбүр болып отырмыз.

Пойыздардың кешігу мәселесі қашан шешіледі? Көлік министрі бұның екі себебін айтты: темір жол желілері тозған, оны жөндеп жатыр, екіншісі вагон аз. Ескі вагондар есептен шығарылып, жаңасын сатып алу керек. Биыл 140 вагон алынған. Келесі жылы 240 жаңа вагон келеді. Министр пойыз билетінінің бағасын өсіру жайы қарастырылып жатпағанын да айтты. 

Темір жолдан бөлек, автокөлік жолы да сөз болды. Көлік министрі Қызылорда - Жезқазған тас жолы 2026 жылы салынып бітетінін айтты. Ал Қалбатау-Майқапшағай тас жолы биыл қолданысқа беріледі. Ақтөбе - Қызылорда тас жолы төрт жолақты болып кеңейтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде