«Сатып алу құқығынсыз» жалға алған пәтерді жекешелендіруге болады
«Сатып алу құқығынсыз» жалға алған пәтеріңізді де енді жекешелендіре аласыз. Мәжіліс азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартып, баспаналы болуға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Автор: Мерей Қалиасқар
12.06.2024
"Сатып алу құқығынсыз" берілетін тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Мұндай жаңа жекешелендіру құқығын барлық өңірде 51 мың азамат пайдалана алады. Бір айта кетерлігі, бұл тізімге асыраушысынан айырылған адамдардың мүддесін қорғау мақсатында жесірлер санаты қосылған. Сондай-ақ, құжатта президент тапсырмасы бойынша Отбасы банкін «толыққанды даму институты» етіп, азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлуді орталықтандыруға бағытталған бірқатар норма көзделген. Енді кезекке әкімдікке барып емес, банктен-ақ тіркеле аласыз. Мәселен, әскери қызмет атқару мен құқықтық тәртіпті қорғауда және адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың жанұясына бір жылдан кешіктірмей үй беріледі. Жалғыз баспанасы «апатты» деп танылған үйдің орнына берілген пәтерді өз атына жазып алуға болады. Бұл 1600-ден аса азаматтың мәселесі шешіледі деген сөз.
Ұлықбек Тұмашинов, Мәжіліс депутаты:
— Заң қабылданса, тәртіп болады. Баспана беретін орталық электронды түрде оның бәрін реттейді. Одан кейін заңбұзушылық болмайды. Ең бастысы осы. бұл жерде сол. ҰОС және оған теңелгендер, одан кейін көпбалалы аналар, алтын алқа, күміс алқа алғандар, одан кейін 1,2 топтағы мүгедек жандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!