{metadescription}
Маңғыстау балықшылары:  Ата кәсібімізді дамытуға жағдай жасалмаған
Маңғыстау балықшылары:  Ата кәсібімізді дамытуға жағдай жасалмаған

Маңғыстау балықшылары: Ата кәсібімізді дамытуға жағдай жасалмаған

Маңғыстауда балықшылар ата кәсіпті дамытуға жағдай жасалмаған деп наразылық бідіруде. Өйткені теңізден тонналап ауланған балықты сақтайтын орын жоқ.  Ауға түскен балықтың тең жартысын суға жіберуге е мәжбүр. Ал азын-аулақ өнімінүйінде сақтауға мәжбүр. Бұдан бөлек, мемлекеттен берілген лимитке көңілі толмайды. Балықшылармен КТК тілшісі кездесіп қайтты.

Мир Жолдыбаев кефаль балығын сарайындағы мұздатқышта сақтап оты,  небәрі 200 келісі ғана сияды. Ал, балықшы күніне мың келі аулап, көп пайда таба алатынын айтады. Амалы жоқтан барына қанағат етуге мәжбүр. 50 жылдан бері ата кәсіпті жанына серік еткен ол отбасын осылай асырайды. Соңғы кезде ісін дөңгелетуге кедергі көбейді, дейді.

Балықшылардың бір бригадасы бір күнде бір тонна балық аулауға қауқары бар. Олар тек қазіргі кезде жартысын игеріп жүр. Себебі, арнайы берілген лицензияда екі балық түріне ғана рұқсат етілген. Сондықтан лимитті көбейтсе екен дейді.

Мир Жолдыбаев, балықшы:

Бізге тек кефаль береді, килька береді. Неге шабақ, сазан, судак бермеске? Лещь неге бермеске? Әлде ауға түскенде сендер қағазда жоқсың деп қоя береміз бе? Ол өліп қалады, түнімен тұрған ауда. Жиналыста оны айттым. Талабымыз: сол жағадан тоңазытқыш, мұздатқыш салса. Тапсыратын жер болса, қорықпай аулаймын. Қанша түседі , бәрін әкелемін. Ауды қайырған уақытта толып кетеді де, керек емес деп ашып жібереміз.

Өңірде бір мыңға жуық балықшы, 32 балық аулауға арналған учаске бар. Жыл сайын 11 мың тонна балық аулауға рұқсат  беріледі. Осы уақытқа дейін төрт мыңы ғана ауланыпты. Соңғы уақытта мемлекеттен өнімді көбейтуге субсидияның да берілмеген.

Данияр Әкімжанов,  «Қазақ балық» Республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының филиал директоры:

Ауланған балыққа, өңделген балыққа субсидия сұрап отыр. Балық арзан, қолжетімді бағада болу үшін кәсіпкерге 400 теңгеден сатты делік. Кәсіпкерге плюс. Ал балықшыға тиімсіз. Сол себепті 100 теңгеге субсидия қарастырылса, 500 теңгеге сатқандай қылып.

Ал шенділердің аталған мәселеден хабары бар. Сала басшысы Арман Молдашевтың айтуынша, Аташ ауылында жалғыз балық қабылдау пункті бар. Алайда ол жеке кәсіпкерге тиесілі. Ал тегін пункт салу мәселесі алдағы уақытта қарастырылмақ.

Арман Молдашев, Маңғыстау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

Алшақ елдімекендерден тыс жерлерде балық қабылдау пунктін ашып орнату ол мына субъектілерге шығын болып тұр. Себебі кәсіпкер салқындатқыш, тоңазытқышын қою керек, өзінің шығындары бар. Ол жерде қаншалықты балықшылар балықтарын әкеліп тапсырады деген сұрақ бар. Ол жерде де субъектілердің мүмкіндігін қараумыз керек. Егер де субъектілерді міндеттеп, қабалдауды ұйымдастырсақ, нарықта балықтың бағасы өсіп кету мүмкін. Себебі олар өздерінің шығындарын есептеп кетеді.

Ал балық аулау лимиті арнайы мамандардың теңіздегі биоресурсты зерттеу нәтижесіне сәйкес беріледі дейді. Сондықтан әзірге ол өзгертілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.