{metadescription}
Алматыда қонақүйден шыққан өрттің себебі анықталып жатыр
Алматыда қонақүйден шыққан өрттің себебі анықталып жатыр

Алматыда қонақүйден шыққан өрттің себебі анықталып жатыр

Лапылдап жанып жатқан бөлмеден қашып үлгерген. Алматыда қонақүйден шыққан өрттің себебі анықталып жатыр.

Тілсіз жау таңғы алтыда екі қабатты ғимараттың шатырынан тұтанған. Сол сәтте қонақүйдің ішінде 10 адам болыпты. Абырой болғанда, олар өрт басталғанын дер кезінде байқап, лезде сыртқа шығып үлгерген. Қызыл жалынның күшті болғаны соншалық, бірер минутта көршілес орналасқан дүкендері мен екі тұрғын үйге тараған. Өрт жалпы 700 шаршы метрді шарпыған. Төтеншеліктер дереу жеткенімен, толық сөндіруге 45 минут уақыт кетті. Қазір кәсіпкерлерге келтірілген залал мөлшері есептеліп жатыр.

Мадияр Қасенов, Алатау ауданы ТЖБ инженері:

Өрт сөндірудің үш учаскесі құрылып, судың үздіксіз беруі қамтамасыз етілді. Өрт орнынан төрт газ баллонын алып шықты. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат жетіде толық сөндірілді, қазір оның себебін анықтап жатыр. 21 техника мен жеке құрамнан 75 адам жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.