{metadescription}
Кувейтте көпқабатты үй өртінде 50 адам ажал құшты
Кувейтте көпқабатты үй өртінде 50 адам ажал құшты

Кувейтте көпқабатты үй өртінде 50 адам ажал құшты

Кувейтте көпқабатты тұрғын үй отқа оранып, 50 адам ажал құшты. Тағы ондаған тұрғын жарақат алған. Арасында терезеден секіріп кеткендері де бар.

Өрт шалған Мангаф қаласындағы жеті қабатты баспанада шетелдік жұмысшылар тұрыпты. Өрт таңға жуық бірінші қабаттағы дәмхананың асханасынан тұтанған. Ғимаратта газ баллондарының көп болуына байланысты жалын жоғарыға жылдам тараған. Шырт ұйқыда жатқан тұрғындардың басым бөлігі улы газға тұншығып қайтыс болды. Бірнеше адам қайда қашарын білмей, терезеден секіріп мертіккен. Ажал құшқандардың ішінде Үндістан азаматтары көп. Кувейт билігі қайғылы жағдайға нысанның иесі мен коммуналдық қызметкерлерді, сондай-ақ жұмысшыларды осы ғимаратқа орналастырған компания жауапты деп отыр. Қазір өрт толық сөндірілген. Тергеу жүріп жатыр. Нысанның қожайыны қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде