{metadescription}
Ақтөбеде өндіріс тауарын тасыған жүргізушілерді жалақысыз қалдырған
Ақтөбеде өндіріс тауарын тасыған жүргізушілерді жалақысыз қалдырған

Ақтөбеде өндіріс тауарын тасыған жүргізушілерді жалақысыз қалдырған

Ақтөбеде өндіріс тауарын тасуға жалданған жүк көлігінің жүргізушілері зауыттан қызмет ақысын талап етіп отыр. Трансұлттық компанияның тапсырмасын артығымен орындағанымен, бір жылдай бір тиын төлемеді деп ашынады.

Саламат Исмағұлов:

Менің өзіме үш миллиондай ақша керек. Үш миллиондай қарыз. Сегіз ай болды, бір жылдай болды, ақшамызды әлі алған жоқпыз.

Таң атасымен оннан аса жүк көлігінің жүргізушілері «Қазхром» мекемесінің алдына жиналды. Ақтөбедегі зауыттан Дөң кен байыту комбинатына былтырдан бері тас пен құм, кен қалдықтарын тасып, ақымызды алмадық деп отыр.

Ал трансұлттық компаниядағылар жалданған жүргізушілердің оларға еш қатысы жоқ екенін айтып ақталды. «Қазхром» зауыты көлік тасымалы үшін астаналық фирмамен келісімшартқа отырған. Олардың атқарылған қызметіне ақшасын аударып та қойыпты. «Жалданған жүргізушілермен мердігердің өзі есептесіп, ақысын солар берсін» - дейді.

Алексей Прокопович, «Қазхром» трансұлттық компаниясының құқық жөніндегі кеңесшісі:

Біздің тараптан ешкімге берешегіміз жоқ. Қызмет ақысы уақытылы төленген. Мердігердің алдында біздің компания бар талапты орындап тастаған. Жүргізушілердің мердігермен келісімі болса, сол компаниямен мәселесін өзара шешсін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде