{metadescription}
Атыраулық үлескерлер JM capital уәдесін орындамады деп отыр
Атыраулық үлескерлер JM capital уәдесін орындамады деп отыр

Атыраулық үлескерлер JM capital уәдесін орындамады деп отыр

Атырауда құрылыспен айналысатын JM capital компаниясының басы даудан арылмады. Бұған дейін жұмысшылары уақытылы жалақы ала алмай жүргенін айтып шу шығарса, енді тұрғын үйге қаржы салған халық наразы. 2021 жылы тоғыз қабатты үйдің құрылысына миллиондап үлесін құйған олар, «компания уәдесін орындамады» деп отыр. Тұрғын үй кешені былтыр аяқталуы тиіс болған.

Шыңғысхан Қамидолла, үлескер:

Маған шарт бойынша 2023 жылдың 30 қыркүйегінде кілті мен құжатын беру керек болды. 30 қыркүйекте 50-60 пайызын төлеп тастадым. Қалған пайызын «Отбасы банк» немесе қолма-қол төлеуге келістік. Қыркүйекте құрылыс бітпеді. Енді қалған ақшамды алып кетейін десем, «бірден бермейміз, бір жылға ай сайын бөлеміз» дейді.

Құрылыстың сағызша созылынуынан күдіктенген үлескерлер қаржысын қайтарып алғысы келеді. Бірақ JM capital түрлі себеппен ақша бергісі келмей отыр дейі. Ал құрылыс компаниясы уақыттың ұзап кетуіне тұрғын үй кешенінің сыртқы жобасына өзгерістер енгізгенін айтып ақталды. Оған қоса үлескерлер де толық қаражатын төлемеді, бәрін келісімшарттағы заңдылыққа сай істеп жатырмыз деп сендірді. Ал салған үлесін кері алғысы келгендерге қаржыны қайтаратынын, бірақ бөліп беретінін айтады.

Гүлбану Пірімбетова, JM capital компаниясының қаржы маманы:

Тұрғын үйдің 60 пайызы аяқталды. Құрылыс жыл соңында толық бітсе, құжат реттеумен, келер жылдың ақпанына дейін созылуы мүмкін. Қаржысын толық салмаған үлескерлер де бар. Құрылыс заңға сай жүргізіліп жатыр. Қаржысын кері алатындар болса, қайтарамыз. Арыз жазуы керек. Бірақ кесте жасақтап береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде