{metadescription}
Орал: «Ризықта» болған жарылысқа қатысты сот басталды
Орал: «Ризықта» болған жарылысқа қатысты сот басталды

Орал: «Ризықта» болған жарылысқа қатысты сот басталды

Орал қаласындағы «Ризық» дәмханасында болған алапат жарылысқа қатысты сот басталды. Жауап беруші ретінде осы ғимаратты жалға алған 34 жастағы Меңдібек Уәлиев танылып отыр. Оған өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін екі және одан да көп адамның өліміне  себепкер болды деген баппен айып тағылып отыр. Күдікті қаңтар айынан бері уақытша қамау абақтысында.

Қаңтардың 4-і күні түнде екі қабатты дәмханада қатты жарылыс болған. Ғимараттың күл-талқаны шықты. Құтқарушыларға  үйіндіні қопарып шығуға 16 сағат уақыт кетті. Үш адам мерт болып, төрт адамның денесі күйіп, түрлі жарақат алды. Өзін бейнекамераға түсіруге рұқсат етпеген дәмхана иесі Меңдібек Уәлиев 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бес айдан бері абақтыда отырған оны қорғаушысы үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш жасады. Бірақ оның талабы қанағаттандырылмады. Тіпті істі қайта тергеуді сұраған. Бұған прокурор қарсы болып,  сот жалғаса береді.

Ерболат Биғалиев, прокурор:

  Құзырлы органдар істі жан-жақты, обьективті тергеуге бар мүмкіндікті пайдаланды. Қылмыстық іс жүргізу кодексі шеңберінде жұмыс істелді. Сотқа дейінгі тергеуде тараптардың  бар өтінімі назарға алынды. Ал қорғаушылар тарапынан келтірілген дәлелдер сотта қарастырылады. Сондықтан бұл өтініштер қанағаттандырылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.