{metadescription}
"Алматы жастары". Жалдамалы пәтерге өтініш бергендердің тізімі әлі шықпаған
"Алматы жастары". Жалдамалы пәтерге өтініш бергендердің тізімі әлі шықпаған

"Алматы жастары". Жалдамалы пәтерге өтініш бергендердің тізімі әлі шықпаған

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен жарты жыл бұрын жалдамалы пәтерге өтініш бергендер әлі күнге дейін үймен қамтылмаған. Тіпті тізімі де шықпаған. Мемлекет "Алматы жастарына" үш жылға беретін жалдамалы пәтер биыл ұзақ қаралып жатыр дейді наразы жастар. Өтініш жолдап қойғандар соның кесірінен тұрғын үйге қатысты басқа да бағдарламалардан «құр қалдық» деп шағымдануда.

35 жасқа дейінгі жастардың жалдамалы пәтерге өтініші өткен жылдың желтоқсан айында қабылданған. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысуға екі жарым мыңға жуық жас өтінім беріпті. Айтуларынша, бір айға жуық уақыт ішінде құжаттары қаралып, пәтеріне орналасуы керек болған.

Дана Қинаятова:

Заңға сәйкес, жастар саясаты ережелері бекітіліп, 30 жұмыс күні ішінде Алматы қаласының басқару органы жұмыс істейді. Бүгінгі күнтізбеде 12 маусым. «Кезекте» сайтында 7 ай бойы әлі де өңделіп, қаралып жатқан 34 өтініш бар. Бірақ басшылық байланысқа шықпайды және жауап бермейді. Әлі пәтерлер дайын емес дейді. Балалы отбасылар көп болғандықтан, біз үшін тізім алу маңызды. Жаңа оқу жылында кімнің қайда тұратынын шешу керек.

Назерке Советбекова, Алматы тұрғыны:

Алты ай өтті, әлі нәтиже жоқ. Үш мыңнан астам адам құжат тапсырды. Әлі күнге дейін мәселенің неде екенін айтпады. Ай сайын, апта сайын тұрғын үй басқармасына хабарласамыз. Қаңтарда, ақпан айында қорытынды шығады, наурызда кілтті аласыз деді. Ал наурыз айында, сәуірде нәтиже шығады деді.

Сабина Жұбанышова екі баланың анасы. Жақында үшінші сәбиін күтіп жүр. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысып жүргеніне төрт жыл болыпты. Баспаналы болсам деген үмітін үзбеген ол биыл да бағын сынап көрген.

Сабина Жұбанышова:

2023 жылдың желтоқсан айында қайтадан конкурс басталған болатын, сол конкурсқа қатыстық, алайда ол конкурстың жауабы шықпағанына алтыншы ай болып жатыр. Қоңырау шалған кезде ,көбінесе бізге «әр айдың соңы», «әр айдың ортасы шығады» деп айтуда. Бірақ үнемі әр түрлі жауап айтады, көбінесе қоңырауды алмайды өзіміз осы жерге келуге мәжбүрміз. Түрлі себеп айтады, біресе «үй дайын емес», біресе «жаңадан өзгерістер енгізіліп жатыр» дейді.

Ал әкімдік өкілі маусым айының соңына дейін шешіледі деп сендірді. Айта кетейік, Алматыда жалға алаушыларға 2100-ге жуық пәтер беру жоспарланған.

Дулат Ашкенов, Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы:

2023 жылы желтоқсан айында жұмыс жастарға арналған жалдамалы пәтер бойынша конкурс өткізілді. Нақты кезеңде 2100 пәтер өзінің басқару балансына қабылданып болғаннан кейін біздің жоспар бойынша осы айдың аяғына дейін конкурс нәтижелері бойынша ақпарат ұсынамыз.

Бағдарлама бүгінде Астанамен Алматы, Шымкент қалаларында ғана қол жетімді. Өзгерістерге сәйкес бұдан былай пәтерлер бес емес, үш жылға беріледі. Ал баспананы жалдау ақысы айына 15 мың теңгеге дейін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде