«Бопсалағыш блогерлер». Сайрамдағы шенділерді жылдар бойы қорқытқан
Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан блогерлер ұсталды. Олар жылдар бойы Сайрам ауданындағы түрлі ұйымдардың басшыларын қорқытып келген. Күдіктілер бейнематериалдарды әлеуметтік желіге жарияламас үшін ақша талап етіп отырған.
Автор: Сәбит Әлдебай
13.06.2024
Оңай олжаны көздегендер кезекті «саудаласу» кезінде қолға түсті. Олардан көбірек зардап шеккен — мемлекеттік қызметкерлер. Күдіктелер көбінесе арандату бағытындағы видеоролик түсіріп, кейін өшіріп тастау үшін ақша сұраған. Келісімнің орташа бағасы 100 мың теңгеден басталады. Қазір екі блогерге боспалаудың бірнеше дерегі бойынша іс қозғалды.
Әбибулла Ізетуллаұлы, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары:
— Қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотты болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!