«Таңғажайып құбылыс». Илон Масктің жерсерігі жұрттың зәресін ұшырды
Алматылықтардың зәресін алған аспандағы құбылыс — жер серігінің қалдықтары болуы мүмкін. Түн ортасында жарқ-жұрқ ұшқан белгісіз нысандарды тұрғындар бастапқыда ғарыштан келген таңғажайып құбылыс деп ойлапты.
Автор: Әсем Лесбек
13.06.2024
Мұны Қаскелеңмен қатар Талғар мен Қонаев қалаларының тұрғындары де видеоға түсіріп алып желіге жүктеген. Артынша қызу талқы басталды. Жұрт мұны бірден «жат планеталық аппарат» деп қабылдаған сыңайлы. Кейбірі «ұшақ жанып жатыр» деп ойлаған. Көп ұзамай, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсініктеме берді. Сөйтсе, жұрттың зәресін алған Илон Масктің жер серігі екен.
Динара Мәжітова, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметкері:
— Фесенков атындағы Астрофизика институты мамандарының пікірінше, 12-13 маусымға қараған түні Алматы облысының тұрғындары байқаған ерекше құбылыс Жер атмосферасына кіргенде бөлшектелген спутник қалдықтарының жануымен түсіндіріледі. Бөлшектелген спутник 13.06.2024 күні Жер атмосферасына кіруі болжанған Starlink-31469 спутнигі болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!