Теннистан топ жарсақ та, ФИФА рейтингінде төмен түстік
Теннистан топ жарсақ та, ФИФА-ның рейтингінде төмен түстік. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик қарсыласын жеңіп, Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты. Шаршы алаңдағы жаңа жеңісімен боксшы Жолдас Жеңісов те қуантты. Бірақ футболдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанға 2:3 есебімен есе жіберген.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
13.06.2024
Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ші ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгард қаласында өнер көрсетті. ATP 250 турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингіде 131 орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичпен шықты. 1 сағат 21 минутқа созылған ойында 6:1, 7:6 есебімен отандасымыз жеңіске жетті. Енді Бублик ширек финалда италиялық ЛорЕнцо МузЕттимен бәсекеге түседі.
Футболдан Ұлттық құрама кезекті жолдастық кездесуін Әзірбайжанмен өткізді. Ойын бейтарап алаңда — Венгрияның Сомбатхее қаласында өткен. Бірінші таймды отандастарымыз жақсы-ақ бастады. Алғашқы голды Ян Вороговский tr3yi3 минутта салса, Максим Самородов 28-ші минутта тағы гол соқты. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады. Бірінші тайм бітпей жатып, әзірбайжандықтар есепті қысқартып үлгерді. Ал қалған минуттар қарсыластардың басымдығымен өтті. Көп ұзамай, екінші, кейін үшінші гол біздің қақпаға салынды. Осылайша 2:3 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты.
Боксшы Жолдас Жеңісов Шымкенттегі шаршы алаңда шеберлігін көрсетті. 25 жастағы спортшымыз өзбекстандық Шохбоз Толибжановпен жұдырықтасты. Жартылай жеңіл салмақтағы 4 раунд соңына дейін созылып, төрешілердің шешімімен Жеңісов жеңімпаз атанды. Бұл отандасымыздың мансабындағы жетінші жеңісі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!