{metadescription}
Абай облысы: Қаза тапқан сарбаздың туыстары әділдік талап етіп отыр
Абай облысы: Қаза тапқан сарбаздың туыстары әділдік талап етіп отыр

Абай облысы: Қаза тапқан сарбаздың туыстары әділдік талап етіп отыр

Абай облысындағы 108/10 әскери бөлімінде қаза тапқан сарбаздың туыстары әділдік талап етуде. Олар Өсербай Ерзатұлының әскери техниканың астына түсіп көз жұмғанына сенбейді. Себебі: оның жансыз денесінде жарақат ізі жоқ.

Бану Ақанқызы, марқұм Ө. Ерзатұлының әпкесі:

Баламды көрдім. БТР-дың астына түсіп қалған дейді. Білмеймін. Балам сол қалпында жатыр. Темір дөңгелекті трактордың астына түскен бала езіліп қалмай ма? Сол қалпы жатыр. Кімнен көмек сұрап, қалай айтарымды білмеймін.

Қайғылы жағдай кеше Аягөз ауданындағы әскери бөлімде болған. 20 жастағы сарбаз оқу- жаттығу кезінде ауыр техниканың астына түсіп қаза тапқан. Қаралы хабарды ести сала, Алматыдан шұғыл келген жақындарын әскери бөлім қызметкерлері таппай әуре-сарсаңға түсірген көрінеді. Олар ешкім нақты мән-жайды түсіндірмеді деп наразы. Енді қара жамылған сарбаздың туыстары қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған әскери бөлім қызметкерлерін жаппай жазалауды талап етуде. Ал сарбаздың өлім себебін анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалып тергеу де жүргізіліп жатыр.

Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған- туыстарымен жақындарына орны толмас қайғысына көңіл айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде