{metadescription}
«Харассмент және сталкинг». Заң жобасы талқылауға түсті
«Харассмент және сталкинг». Заң жобасы талқылауға түсті

«Харассмент және сталкинг». Заң жобасы талқылауға түсті

Харассмент және сталкинг үшін жауапкершілікке тартуды көздейтін заң жобасы мемлекеттік органдардың талқылауында. Құжатты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі хабарлады.

Ренат Зұлқайыровтың ойынша, бұл сұрақ жақын арада қаралады. Әкімшілік полиция комитеті мамандары екі күннен кейін елде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заң күшіне енетінін еске салды. Бұдан былай көшедегі төбелес үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кінәлі адам 50 тәулікке дейін қамалады. Ал отбасында ойран салатындарды жәбірленушілерден алыстату үшін сот үйінен уақытша көшіруге құқылы. Тұрмыстық агрессорлар сот белгілеген мерзім біткенше әлеуметік бейімдеу орталығында тұратын болады. Сот, сондай-ақ, алкогольге құмар жандарға 6 айдан 1 жылға дейін ішімдік ішуге тыйым сала алады.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

Бізге жәбірленушінің арызы керек емес. Кез келген бейнекамералардан, куәгерлердің немесе көршілердің, сонымен қатар ақпараттық құралдарда жарияланған кез келген айғақтарға байланысты бірден әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушыларға қатысты шаралар қолданылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.