Ақтөбеде үш адам суға кетіп өлді
Ақтөбеде үш адам суға кетіп қайтыс болды. Биыл мектеп бітірген түлек пен екі студент. Олар рұқсат етілмеген жерге шомылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.06.2024
Қолына әлі мектеп бітіргені туралы аттестатын алып үрмеген бозбаланың денесі Қарғалы өзенінен табылды. Сүйегін сүңгуірлер бір жарым метр тереңдіктен шығарып алған. Медициналық университеттің екі студенті де осы өзеннің рұқсат етілмеген жеріне барып шомылыпты. Бір мезетте ұйыққа тап болып батып кеткен. Жігіттердің бірінің денесін құтқарушылар сол бойда тапса, екінші студенттің денесін ұзақ іздеді. Таң ата оның сүйегін туыстары тереңнен шығарып алды.
Құтқарушылардың жұмысын қазір күшейтіп жатыр. Өңірде күн ысып, аптап ыстықта жағажайға шомылуға келетіндер қатары көбейген. Өйткені сынап бағанасы 35 грудастан асып тұр. Синоптиктер ертең қырық градусқа дейін жетеді дейді.
Иса Байтұрсынов, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығы:
— Үшеуінің де суға кеткен жері — Ақтөбе қаласындағы Қарғалы өзені бойында Красная поляна бау-бақша ұжымы аумағы. Суға түсуге тыйым салған аумақ. Рейдте тыйым салынған орындарда балалардың ата-ана қарауынсыз жүргені анықталды. Сондай фактілер бойынша 53 баланың ата-анасына әкімшілік шара қолданылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!