{metadescription}
Оралда су тапшы. Құбырдағы ауыз су қысымы азайған
Оралда су тапшы. Құбырдағы ауыз су қысымы азайған

Оралда су тапшы. Құбырдағы ауыз су қысымы азайған

Оралда су тапшылығы сезіле бастады. Қала тұрғындары құбырдағы ауыз судың қысымы азайғанын айтады. Түнде жоғарғы қабаттарға көтерілмей қалады. Ал суға жауапты мекеме мамандары сүзгі стансасының қаланы сумен қамтуға шамасы келмей жатыр. Өйткені қондырғылар тозған.

Мамандар қысымның аздығын су тұтыну көрсеткішінің өскенімен де байланыстырады. Мәселен, бір ай бұрын оралдықтар сағатына екі жарым мың текше метр су қолданып келген. Қазір сұраныс сағатына үш жарым мың текше метрге дейін жетті. Мұндай көлемді жабуға 60-шы жылдары іске қосылған су стансасының шамасы жетпейді. Өйткені шаһардағы көпқабатты үй саны жыл санап өсіп барады. Ол аздай, ауыз сумен бау-бақша суаратындар да көбейген. Енді комуналдық мекеме түнде суды тоқтатып үнемдеуге көшпек. Мамандар жаңа сүзгі стансасын салғанға дейін осылай амалдай тұрмақшы.

Әнуар Аркенов, «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры:

Түнде қысым азайғанымен, су-сорғы қондырғысы өшірілмейді. Өйткені арнайы резервуарларға ауыз суды жинап алуымыз керек. Сондықтан түнде құбырда қысым азаяды. Ал су жинамасақ, күндіз қажет ауыз суды бере алмай қаламыз. Бұл өткен ғасырдың 60 жылдары ойластырып жасалған әдіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде