Тасқын: Ақтөбеде 31 отбасы баспаналы болды
Ақтөбеде тасқыннан үйі құлаған 31 отбасы баспаналы болды. Оларға жаңа қоныстарының кілтін үкімет басшысының орынбасары табыстады. Көктемнен бері әркімнің босағасында жүргендер бұл жаңалыққа дән риза.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.06.2024
Мәншүк Қаюпова:
— Биыл көп үй суға кетті. Бәрі құлап қалды. Бүгін қуанышым шексіз. Рақмет! Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар ғой. Алғысым шексіз.
Қазірге дейін Ақтөбе қаласында техникалық сарапшылар 175 үйді тұруға жарамсыз деп таныған. Солардың алғашқы 31 отбасына бүлінген баспанасының аумағы және сол шаңырақтағы адам санына қарай қоғамдық қор арқылы пәтер алып берді. Келер аптада тағы қырық отбасы жаңа қоныстарына кіреді деп күтіліп отыр.
Жергілікті билік бір ай ішінде тасқыннан үйсіз қалғандарға пәтер алып береміз деп сендіреді. Тасқыннан кейінгі құрылыс жұмыстарын бақылауға келген үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев төтенше жағдай жарияланған төрт ауданды аралады. Әкімдіктегілерге тамызда тасқыннан зардап шеккендер толық үйлі болсын деген тапсырма беріп кетті.
Қанат Бозымбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:
— Мен жергілікті әкімшілікке тапсырма бердім. Оны бұл жұмысты дұрыстап қолға алу керек. Біріншіден — материалдарды көбірек алып келу керек. Аванс көбірек беру керек, компанияларға. Жұмысшылар санын екі есеге өсіру керек. Қарқынды әлсіретпей, биыл тамыз айында ұй құрылысын толық бітіруіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!