Самокат пен мопед: Полиция бақылауды күшейтті
Алматыда самокат пен мопед тізгіндегендер жол жүру ережесін үйренгенше, полиция бақылауды жалғастыра береді. Өйткені соңғы уақытта қалада қос дөңгелекті осы көлік түрінің қатысуымен жол апаты жиілеген. Небәрі бес айда 300-ден астам оқыс жағдай тіркеліп, үш мопедист мерт болған.
Автор: Әсем Лесбек
14.06.2024
Ал самокатпен 38 жол апаты болып, 40-тан астам адам зардап шегіпті. Қалада қос дөңгелекті көлік құралдарына қызығатындар қатары күннен-күнге артып келеді. Шеринг компаниясының есебінше, қалада тәулігіне 30 мыңнан астам адам самокатты жалға алады. Ал олардың арасында ережені ескеретіні аз. Полиция осындай заңды пысқырмайтындармен күресті жалғастырып жатыр. Жүргізушілердің кәмелетке толған-толмағаны және жылдамдықты шектен асырмауы басты назарда. Басына шлем, үстіне арнайы жилет киуін талап етеді. Құқық қорғаушылар соңғы бес айда 10 мыңнан аса осындай заң бұзушылықты тіркеген.
Болатбек Баятанов, Алматы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
— Көлікті басқарғанда шлемі, үстінде шам жарығын қайтаратын жилеті болу керек. Жол ережесін бұзушылар анықталған жағдайда, бұл жүргізушілер әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 615-бабые— кі айлық минималды көрсеткішпен және 620-баппен — 3 минималды айлық көрсеткіш айыппұл салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!