{metadescription}
СҚО: Бір отбасында екі бала астан уланып өлді
СҚО: Бір отбасында екі бала астан уланып өлді

СҚО: Бір отбасында екі бала астан уланып өлді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Надежка ауылында бір отбасы астан уланып 3 және 6 жастағы екі бала көз жұмды. Тағы үш науқас ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Раиса Құсайынова, СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

2017 жылғы қыздың жағдайы өте ауыр.Ем шаралар жасалып жатыр, бірақ, жағдайы бір қалыпты ауыр. Ауруханада жатқан аналары жансақтау бөлімшесінде. Ауыр жағдайда келген, жағдайы қалыпты.Әкесін дәрігерлер қарап шықты, ол ауруханаға жатудан бас тартты. Биологиялық материалдар тегіс сараптамаға жіберілді.

Надежка ауылында тұратын Коваленколар отбасы түнде іші ауырып жергілікті мейірбикенің көмегіне жүгінген. Алғашқы көмек көрсеткен маманды олар таң ата тағы шақырады. Өкінішке қарай ол кезде 3 жасар ұл бала мен 6 жастаағы қыз қайтыс болған екен. Жедел жәрдем тағы екі баласы мен анасын ауруханаға жеткізген. Қос бүлдіршінінен айырылған 28 жастағы ана сол күні пицца, шұжық жеп, газдалған сусын ішкенін айтады. Ал әкелері дүкеннен дайын тұшпара сатып алып жегенбіз дейді. Алайда науқастардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.

Азат Құсайынов, СҚО ПД басқарма бастығының орынбасары:

Қызылжар ауданында бір отбасының улануы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Аталған факті абайсызда екі немесе одан да көп адамның жаппай улануына және өліміне әкеп соққан санитариялық қағидаларының немесе гигиеналық нормативтерді бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде