{metadescription}
Германияда жоғалып кеткен Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті табылды
Германияда жоғалып кеткен Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті табылды

Германияда жоғалып кеткен Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті табылды

Неміс полициясы екі апта бұрын Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаеваның мәйітін тапты. Бұл туралы жергілікті Bild басылымы жазады. Тек бұған Германияға арнайы барған Айгүлдің туыстары сенбейтін сыңайлы. Әлі үмітін үзбеген олар сараптаманың нақты қорытындысын күтіп отыр.

Bild-те жазылғандай, қара пакетке салынған мәйіт кешке кешкілік көлдің жағасынан табылған. Бүгін неміс прокуратурасы бұл 40 жастағы Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті екенін растап, оның денесінде зорлық белгілері бар екенін хабарлады. Полиция қазір әйелдің енесі Наталья Донцованы да іздеп жатыр. Отбасымен бірге Бенсхайм қаласында тұрған Айгүл жақындарымен соңғы рет 3 маусым күні сөйлескен. Содан бері байланысқа шықпапты. Неміс полициясы 5 маусымда оны іздеуге кіріскен болатын.

Туыстары Айгүлдің жоғалуына оның күйеуі мен енесінің қатысы бар деген күдігін жасырмады. Айгүл Сайлыбаева «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Астанадағы Сарыарқа аудандық сотында судья болып қызмет еткен. Осыдан бес жыл бұрын тұрмыс құрып шетелге қоныс аударған. Үш жастағы қызы бар. Ал Айгүлдің артынан іздеп барған жақындарына біздің дипломаттар да көмектесіп жатыр.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

 Жоғалған азаматшамыздың шешесі мен ағасы Германияда, виза алуға көмектестік. Полициямен тығыз байланыстамыз, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жақын арада ақпарат болады деп күтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде